АЗАМАТТАР ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАЙЫН АЙТТЫ

АЗАМАТТАР ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖАЙЫН АЙТТЫ

Қала тұрғындарының әкімдік өкілдерімен өткен кездесуінде азаматтар кейбір көшелерді жарықтандыру жайын айтты. Атап айтқанда, қараңғы кезде мешіт пен мектепке барар жолды жарықтандыру керек деді тұрғындар.
Бұл мәселеге қатысты жауап берген қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық түйінді тарқату жайы тікелей қаржыға байланысты екендігін атап өтті.
«Әрине, біз қаржы жоқ деп қарап отыра алмаймыз. Демеушілердің есебінен болса да, өте маңызды деп танылған жолдарға электр жарығын жүргіземіз. Әсіресе, таң намазы үшін мешітке баратын қарияларымыз бен жақын күндері басталатын жаңа оқу жылында балаларымыздың мектепке барар жолының қауіпсіздігі үшін біз жарықтандыруды қалай да іске арсыруымыз керек», – деді Ерғали Омарұлы.
Айта кетейік, қала тұрғындары тарапынан жеке қабылдау кезінде де бұл мәселе көтерілді. Яғни, жиынға қатысушылар Төле би мен Әйтеке би көшесі маңындағы бастауыш сынып оқушылары үшін аяқ жолға тас төсеп, жарықшам орнату, Ақдала ауылдық округінің орталық көшесі – Ш.Уәлиханов пен Абай көшесін жарықтандыруды сұраған болатын.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының...