"АТА ЗАҢЫМ - АЙБЫНЫМ" КЕНТАУДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

"АТА ЗАҢЫМ - АЙБЫНЫМ" КЕНТАУДА КОНСТИТУЦИЯ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Ата Заң – кез келген өркениетті мемлекеттің басты тірегі. Бүгін сол тірегіміз, Қазақ елінің айбынды төлқұжатына 27- жыл толды. Осы күнге орай, мәдениет сарайында «Ата заңым – айбыным» атты мерекелік жиын өтті. Салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын мерекемен құттықтады.
«Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығы мен еліміздің тұтастығын бекітіп берді. Еліміздің Ата Заңы жаңа Қазақстан жетістіктерінің кепіліне айналды» деді.
Салтанатты жиында қаламыздың дамуына еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтар қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Қаланың өнерпаздары мерекелік сахна төрінде еліміздің егемендігін айшықтайтын өнерлерін шашу етті.
Мемлекетіміздің сарабдал саясаты мен ерік-жігерінің арқасында бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп келеміз. Сондықтан Конституцияға құрметпен қарау, оның ережелерін орындау және іргелі заңның хатын және рухын ұстану - еліміздің әрбір азаматының тікелей міндеті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...