КЕНТАУДА: «АЩЫСАЙ ТҮСТІ МЕТАЛЛ»КОМБИНАТЫНА 95 ЖЫЛ ТОЛДЫ

КЕНТАУДА: «АЩЫСАЙ ТҮСТІ МЕТАЛЛ»КОМБИНАТЫНА 95 ЖЫЛ ТОЛДЫ

Кентау қаласының тарихы кен өндіру ісімен танылған өңір. Кезінде кентаулықтар әлемді таңдандырған және ешбір ел жаңарта алмаған шапшаң бұрғылау жөніндегі рекордымен әлемге танылған.
Соның аясында Кентау қаласының ірге тасы қаланды. Бүгін сол комбинатқа 95 жыл толды. Мерекелік шара «Кеншілер» ескерткішінде гүл қою рәсімімен бастау алды. Салтанатты шара қаладағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында жалғасты. Алғы сөзді алған қала әкімі ардагерлер мен қала тұрғындарын құттықтады.
«Тарихқа ой жүгіртсек, қаланың бағы жанған жылдары мен тоқырау кезеңіндегі небір қиындықтарды бастан өткергенін білеміз. Алайда, жергілікті тұрғындардың, мына өздеріңіздің төзімділіктеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыздың арқасында тәж қала көз тоймас көркін күні бүгінге дейін жоғалтпай келеді. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар аясында қала болашағына бағытталған ауқымды жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады» деді.
Қаланың қала болып қалыптасуына еңбектері орасан ардагерлерге «Құрметті кенші», 1ші, 3ші дәрежелі «Кенші даңқы», «Қалаға сіңген еңбегі үшін» төсбелгілері мен «Еңбек ардагері» медальі тағылып, алғыс хаттар табыс етілді. Жиында ардагер кеншілер айтулы мерекемен құттықтап, сол кездегі естеліктерімен бөлісті. Салтанатты шарада Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының өнерпаздары әзірлген концерттік бағдарлама қойылды.
Тарихқа тоқталар болсақ, «Ащысайтүстіметалл» комбинаты КСРО-ның 95 құрметті кенші-металлургін, Қазақ КСР-нің 46 еңбек сіңірген кеншілері мен байытушыларын, өнертапқыштар - ды, 439 орденді және 4 мың 829 медальді кадрларды тәрбиелеген. 1970 жылдан кейін «Ащысайтүстіметалл» комбинатының өрлеу кезеңі басталды. Қаладағы көптеген ғимараттардың бой көтеруіне үлес қосқан.
Соғыстан кейін мекемені Кентау қаласының негізін салған Я.Д.Пиченюк басқарған. Одан кейін М.М.Харитонов, В.И.Тараканов, В.И.Логинов, қаланың және комбинаттың әрі қарай дамуына көп еңбек сіңірген С.М.Мәуленқұлов және М.Ж.Битимбаев, С.М.Бекбаев, Т.Қ.Қойшыбеков, Қ.Қнатов, А.Ж.Көштаевтар басшылық қызметті жүргізген.
Мекеме Кентау қаласының гүлденуіне, көркеюіне бар күш жігерін жұмсаған.
Сол кезеңде құрылыс қарқын алып, әлеуметтік нысандар ел игілігне пайдалануға берілген. Атап айтқанда, қаладағы орталық алаң бой көтеріп, сәулетіне сән беріп тұрған Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы, Орталық аурухана, Құмкөл, Қызылкөл, Шаға, Сырдария өзенінің жағасындағы демалыс аймағы, Сарыағаштан 20 орындық демалыс емделу орыны кеншілер үшін ашылды. Қазіргі қаладағы облыстық «Жансая» балаларды сауықтыру орыны, қалалық әкімшілік бөлімдері жайғасқан ғимарат, Ы.Алтынсарин атындағы №1, Т.Рысқұлов атындағы №24 мектептер мен 18 балабақша комбинаттың қаражатына салынған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...