ТҮРКІСТАН: АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ДАМЫТУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫ ДАМЫТУ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТУДЕ

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық Азаматтық Альянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдарды дамыту» тақырыбында Республикалық форум өтуде.
Форумға арнайы шақыртумен Америка Құрама Штаты, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікістан Республикаларынан келген қонақтар мен ҚР АҚДМ (Ақпарат және қоғамдық даму министірлігі) азаматтық қоғам істері комитетінің өкілі, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті қатысты.
Форумның басты мақсаты – ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдау, оларды жан-жақты дамыту, сауаттылығын арттыру. Азаматтық қоғаммен бірге үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігін көтеру.
Форумға спикер ретінде Америка Құрама Штаты, Вашингтоннан - Муборак Ташпулатова, Өзбекстан Республикасынан - Дамира Тохтасыновна, Қырғызстан Республикасынан - Нургуль Джанаева, Тәжікістан Республикасынан - Нуриддин Каршибоев қатысса, форумның негізгі спикері ретінде «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің Президенті - Бану Нұрғазиева, Түркістан облысының Құрметті азаматы Шәріпбек Жамалбек, «Береке» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы – Роза Абдуллаева сөз сөйледі.
Республика көлемінде өткізіліп жатқан шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Аңсар Өсербаев сөз сөйлеп, аймақ басшысының құттықтау хатын оқып берді.
«Сіздердің ел игілігі жолындағы бастамаларыңызға Мемлекет тарапынан лайықты қолдау көрсетіліп келеді. Алдағы уақытта «Жаңа Қазақстанның» даму жолына бет түзеген еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай еңбек ететіндеріңізге кәміл сенемін», деген басқарма басшысы, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың бастамаларын қолдауға облыс әкімдігі тарапынан қолдауға дайын екенін жеткізді.
Бүгінде әлемнің көптеген елінің саясатында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше сипатқа ие. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді. Яғни еліміздегі үшінші секторды қолдау мемлекет тарапынан да, бірқатар ірі компанияның қайырымдылық мақсаттағы ҮЕҰ арқылы да жүзеге асуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...