Мақтаарал ауданында 30 тамыз - Констиуция күні аталып өтті. 1995 жылдың 30 тамызы ҚР-ның Конституциясы қабылданып, ел тарихында алтын әріппен жазылған күн 27-ші рет атап өтілуде.
Мерекелік кеште ата заңымыз Конституция кітабы төрге шығарылып, әнұранымыз шырқалды. Аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова құттықтау сөзге шығып, Конституция қабылдау арқылы мемлекетіміз өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырғанын, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары деп айқындалғанын атап өтті.
Іс-шара барысында Алтын Күнтуқызы заңның нормаларының сақталуына белсенді атсалысып жүрген бір топ заңгерлерді, полиция, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараның соңы концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, ағымдағы жылдың 5-маусымында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде бүкілхалықтық референдум өтіп, ата заңымыз Конституцияның үштен бір бөлігіне өзгерістер енді. Осылайша халқымыз Жаңа Қазақстанды құруға жаңадан қадам басты.