БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАДЫ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫ МАҚТААРАЛДЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА СЫЙ-СИЯПАТ ЖАСАДЫ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатқанұлы Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен келіп, "Мектепке жол" акциясы аясында өзінің атынан 10 аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына мектеп формасы мен оқу құрал-жабдықтарын сыйға тарты.
"Білімді ұрпақ - мемлекетіміздің болашағы. Сабақты жақсы оқып, әрбірің еліміздің дамуына атсалысатын білімді азамат болуларыңа тілектеспін. Ұстаздарыңның, ата-аналарыңның айтқандарын тыңдап, әрқашан, еңбекқор, табанды, ақылды, парасатты болып өсіңдер!" - деді басқарма басшысы.
Жұмыс сапары барысында Дінислам Болатханұлы ата-аналар тарапынан түскен шағым бойынша әр мектептің өзінің жеке формасы болмайтынын, министрлік тарапынан оқушы қара-көк түсті шалбар, костюм мен ақ көйлек кисе жеткілікті екенін жеткізді.
Жалпы Мақтаарал ауданында 6-18 жас аралығындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, тұл жетім және жартылай тұл жетім балалардың саны 7500-ге жуықтайды. Биыл облыс әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстық бюджеттен осы санаттағы әрбір балаға мектеп формасы үшін материалдық қолдауға 35275 теңгеден қаражат берілетін болды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Мақтаарал ауданынжа "Мектепке жол" республикалық акциясы қызу жүріп жатыр. Акция шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке қажетті материалдық көмекпен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-та жоғары білім мен ғылым саласындағы стратегиялық әріптестікті дамытуға бағытталған бірқатар...

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесі отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша Көлік, Қаржы министрліктері...