ҚАРАМҰРТТЫҚТАРҒА "АУЫЛ - ЕЛ ТІРЕГІ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ОНКҮНДІК ІС-ШАРАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ҚАРАМҰРТТЫҚТАРҒА "АУЫЛ - ЕЛ ТІРЕГІ" ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ОНКҮНДІК ІС-ШАРАЛАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Аудан әкімі Ұласбек Уласбек Садибековтің бастамасымен Қарамұрт ауылдық округінде «Ауыл - Ел тірегі» онкүндік іс-шаралары басталып, бүгінгі таңда жалғасын табуда.
Ауылдық округінің әкімі Мамуржан Нажиевтің баяндауынша, аудандық мәслихаттың депутаттары, ауыл билері, көше комитеті төрағалары, кәсіпкерлер және ауылдың беделді азаматтардың қатысуларымен өткен жиналыстарда онкүндік іс-шаралар жоспары талқыланды. Жалпы жоспарға 30-ға жуық іс-шара енгізілген. Онкүндік барысында осы іс-шаралар асар жолымен және демеушілер көмегімен ұйымдастырылатын болады.
Жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Хасанов Бахытбек алдағы атқарылатын жұмыстарға сәттілік тілей отырып, іс-шаралардың орындалуы қадағаланатынын айтты.
Ауылдық округі тарапынан атқарылатын жұмыстар:
ауылды жерлерде отбасы жағдайы төмен, жетім балаларға қамқорлық көрсету мақсатында Түркістан қаласына саяхат ұйымдастыру;
жастар арасында аудандық мәслихаттың депутаты, жеке кәсіпкер, жастарға қамқоршы болған Б.Жамалбековті еске алуға арналған футбол және «Конституция күні» мерекесі қарсаңында ауыл жастары арасында волейбол жарыстарын ұйымдастыру;
2022-2023 оқу жылының басталуы қарсаңында «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдағы отбасылық жағдайы төмен, жартылай және толықтай жетім балаларға қамқорлық көмектерін ұйымдастыру;
ауылдық кітапханаларда жастардың, оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастыру;
ауылдық мәдениет үйінде ұлттық салт-дәстүрлерді жастарға насихаттау мақсатында үйірмелер жұмысын жандандыру;
№1 мектеп гимназиясы оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында мектеп аумағына «Аманат» БПҰ бастамасымен демеушілер тарапынан жүргізіліп отырған асхана құрылыс жұмыстарын оқу жылына дейін аяқтау;
мүмкіндігі шектеулі отбасыны жұмыспен қамту мақсатында жұмыс орнын ашу;
Қарамұрт ауылындағы М.Шерметов көшесіне асар жолымен тас төсеу жұмыстары, ағын су арықтарын тазарту, табиғи газ жүйесін тұрғындар ұсыныстарына сәйкес жылжыту жұмыстарын ұйымдастыру;
жаяу жүргіншілерге арналған сызықтар және тозығы жеткен жол кедергілерін қайта қалпына келтіру жұмыстары;
Қарамұрт ауылы М.Шерметов көшесі бойында демеушілер тарапынан асар жолымен құрылып отырған мешіт құрылысымен танысу;
Низамабад елді мекені Ұста Қыдыр көшесі бойында орналасқан электр трансформаторын қоршау және сырлау;
Низамбад елді мекені Р.Нематуллаев көшесі бойына орнатылған электр трансформаторының құжаттарын рәсімдеу және қоршау;
Низамабад елді мекені Ұста Қыдыр көшесі бойында орналасқан тұрғындарды таза ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында су ұңғымасын қазу жұмыстары;
ауылдық «Аманат» БПҰ бастамасымен білім мекемелерінде 2022-2023 оқу жылдарына әзірлік көру мақсатында санитария көгалдандыру, жылу жүйелерін бақылап, тиісті жұмыстар жүргізу;
ауылдық округінде өрт сөндіру бекетін құру мақсатында жер телімін қарастыру және тиісті құжаттарын рәсімдеу;
Қарамұрт ауылы А.Расулметова көшесі бойында орналасқан трансформатордың қоршауларын сырлау;
Низамабад елді мекенінің кіреберісі жол бойындағы шөптерді ору, қураған ағаштарды ретке келтіру;
ауыл аумағындағы көше бойларындағы көше жарықшамдарын жөндеу;
ауылдық округі бойынша санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізу, ретсіз күл-қоқыстарды жою, сенбілік ұйымдастыру;
зиярат (мазарат) орындарын тазалау және абаттандыру жұмыстары;
ауыл округінің орталығында қоғамдық дәретхана құру мәселелерін қолға алу;
«Кент Балдыберек» каналынан келетін ағын су мәселесін тұрақты қамтамасыз ету мақсатында каналдарды жөндеу;
ауыл орталығында және Низамабад елді мекені жол бойында орналасқан ретсіз сауда орындарын жою, кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу;
ауылдық округінде орналасқан азық-түлік дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын негізсіз өсірмеу мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру;
баннерлер және тақтайшалардағы жазулар мемлекеттік тілде жазылуын түсіндіру, анықталған кемшіліктерді жою;
ауыл округі әкімшілігіндегі мемлекеттік қызметшілермен әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлық және бірқатар нормативті актілер бойынша оқу семинар өткізу;
апта сайын қоғамдық ұйым жетекшілерімен өткізілетін кездесуде жергілікті учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе мал ұрлығы, зорлық-зомбылық, суицид, жол қағидасы ережелері, жастар тәрбиесі бойынша дөңгелек үстел өткізу.
Жиын соңында аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев Қарамұрт ауыл округінде онкүндік жоба аясында дербес бөлімдер тарапынан атқарылатын 50 іс-шараның жоспарына қысқаша тоқталып өтті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...