АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ

АЛТЫ АЛАШТЫҢ БАЛАСЫ БАС ҚОССА, ТӨР – МҰҒАЛІМДІКІ

Бүгін Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбековтың қатысуымен «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында педагог қызметкерлердің дәстүрлі Тамыз кеңесі болып өтті. «Ұлы дала елі» орталығында өткен білім беру саласы мамандарының басқосуы педагогтар үшін жаңа оқу жылының басталуына тың серпіліс беретін дәстүрлі кездесу екені белгілі.
Тамыз кеңесіне Сауран ауданының әкімі Ғани Құрмашұлы,Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бас маманы Берік Құрманғазыұлы, «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Кәсіптік даму институты, директордың инновациялық білім жөніндегі орынбасары Ахтаев Мухтар Бексултанұлы және БАҚ өкілдері, ардагер ұстаздар, кәсіподақ кеңесінің өкілі, мектеп басшылары мен педагогтер қатысты.
Аудан әкімі Ғани Құрмашұлы кеңеске қатысушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бөлім басшысы Ақмарал Үсенқызы 2021-2022 оқу жылындағы білім саласында атқарылған жұмыстар және жаңа оқу жылындағы міндеттерге тоқталды.
Сонымен қатар «Жаһандық құзыреттер» курсының ерекшеліктері тақырыбында «Қызыл жол» жалпы орта мектебінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ақнұр Аманжолқызы, «Инклюзивті оқытудың жалпы орта мектептегі ролі» №13 жалпы орта мектебінің директоры Мереке Кенжетайқызы, «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың ролі және мектеппен байланыс» тақырыбында М.Әуезов атындағы жалпы орта мектеп директоры Нұрлан Адилханович баяндама жасады.
Өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісінде қол жеткізген табыстары мен білім саласына сіңірген еңбектері үшін бірқатар педагогтер марапатталып, кеңес оқушылардың сазды сәлемімен аяқталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр РФ Өнеркәсіп және сауда министрі Антон Алихановпен кездесу өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ...

Вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ауыл шаруашылығында агродрондарды қолдану тәжірибесін қолдану мен кеңейтудің...

Премьер-министр Олжаса Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында теміржол саласын және транзиттік әлеуетті дамыту мәселелері қаралды, деп...