«АТА ЗАҢЫМ - АЙБАРЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

«АТА ЗАҢЫМ - АЙБАРЫМ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде Конституция күніне орай, «Ата заңым - айбарым» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шарада алдымен аудан басшысы «Тәуелсіз елдің төлқұжаты – Конституция» және Балалар жылына арналған кітап көрмелерімен танысты. Конституция күніне арналған бейнеролик көрермендерге ұсынылды.
Мерекелік іс-шараға жиналған қауымды аудан әкімі Уласбек Садибеков құттықтады.
Өз сөзінде: «Құрметті сайрамдықтар! Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі – Конституция күнімен құттықтаймын!
Ата Заң – әрбір азаматтың конституциялық құқығын танытатын, әр қазақстандық бұлжытпай орындайтын заңдардың темірқазығы. Азаттығымызды айқындайтын, Тәуелсіздігімізді паш ететін, Егеменді ел екенімізді дәлелдейтін, дербес мемлекеттігімізді көрсететін қастерлі құжат.
Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына кепіл болып табылады. Ата Заңымызға деген ерекше құрмет – біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі.
Осы жолда биыл Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен саяси маңыздылығы жоғары науқан бүкілхалықтық референдум өтіп, Конституция заңының үштен біріне өзгерістер енгізілді. Мұндай өзгерістер елде демократиялық процестерді жетілдіріп, «биліктің көзі – халық» деген принципті жүзеге асыруға, қоғам өз өкілдері арқылы маңызды шешімдерге араласуына, ауқымды реформаларды заңмен бекітуге негіз болады. Мемлекеттік билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді.
Бұл ретте, Конституцияның қоғам өміріндегі, еліміздің тарихындағы алатын орны бөлек, өз өміршеңдігін көрсетті.
Конституция қағидаттарына сәйкес, еліміздің демократиялық жолмен даму бағыты таңдалды.
«Береке көзі — бірлікте» деген дана сөзіне сай, ауданның өсіп-өркендеуіне ең бірінші кезекте халықтың ауызбірлігі ғана қажет. Ауданның жыл сайынға жоғары көрсеткіштерден көрінуі сіздердің еңбектеріңіздің үлестері мен татулықтарыңыздың беріктігінде деп білемін. Алдағы уақытта да әлі талай игілікті істердің куәсі болатынымызға сенімдемін.
Сіздерді айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке-бірлік тілеймін!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, мемлекетіміздің мерейі үстем, еліміздің егемендігі баянды болсын!», - деген тілегін жеткізді.
Іс-шара барысында Ұласбек Сәдібекұлы ауданның дамуына елеулі үлес қосып отырған бірқатар сала маманы мен ардагерге марапаттарын тапсырды.
Мұнан кейін аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер шырқап, ұлттық би орындап, көпшілікті өз өнерлерімен тәнтті етті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар, салалық...

2025 жылғы 20 маусым күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері...

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстандағы астық қоры 8,6 млн тоннаны құрады. Бұл көлем ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық...

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Түркістан облысында колледж түлектеріне арналған «Адал азамат, адал еңбек, адал табыс» атты форум өтті. Іс-шара...