МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

МӘЖІЛІСТЕ БІРҚАТАР ТАПСЫРМАЛАР ЖҮКТЕЛДІ

Аудан әкімі Уласбек Садибековтің төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті.
Мәжілісте жайылымдық жерлерді қайтару мәселелері, ауыл округтері әкімдері мен дербес бөлімдердің әлеуметтік желілердегі жұмыстарына талдау қорытындысы, аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Абылғазиев аудан аумағында жайылым жерлерді қайтару мәселесі бүгінгі күнге өзекті екенін атап өтіп, атқарылып отырған жұмыстарын баяндады. Түркістан облысының жер қатынастары басқармасымен әзірленген ортақ жайылыммен қамтамасыз ету жоспарына сәйкес, аудан бойынша 9,9 мың га жайылымдық алқапты ортақ жайылымға беру жоспарланған. Жоспарға сәйкес, 2022 жылға 25 жер учаскесі 390,5 га қайтарылды. Ауыл тұрғындарының малын жаю бағытында 30 жер иесімен 4557,0 га жайылымға меморандум түзілді. Жер қатынастары бөлімімен әр ауылдық округтердегі елді мекендер маңына жақын орналасқан, тұрғындардың малын жаюға қолайлы жалпы көлемі 4092,5 га жер учаскелерінің тізімі жасақталып, ауылдық округ әкімі аппараттарына жұмыс жүргізу үшін жолданылды. Осыған байланысты ауылдық округ әкімдерімен ұсынылған тізім бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін айтты.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Сабит Реметов аудандық ішкі саясат бөлімі тарапынан ауыл округ әкімдіктері мен дербес бөлімдердің әлеуметтік желілердегі жұмыстарына жүргізілген мониторинг жұмыстарын мәлімдеді. Талдау нәтижелері көрсетілгендей, 2022 жылдың маусым-шілде айларында ауданға қатысты 57 сыни ақпарат жарияланған. Сыни ақпараттар бойынша дербес бөлімдер мен ауыл округ әкімдеріне Whatsapp желісі арқылы 57 хабарлама жолданса, соның әлі күнге дейін 35-не (61 пайыз) жауап қайтарылмаған, сұрақ қоюшылармен кері байланыс орнатылмаған. Негізгі көтерілген мәселелер: күл-қоқыс мәселесі – 20, ауыз су – 15, ағын су – 11, коммуналдық мәселелер – 7, заңсыз жер қазу жұмыстары мен кәсіпкерлік нысандардың заңсыз іс әрекеттері – 4. Осы орайда, дербес бөлім басшылары мен ауыл округ әкімдерінің және олар басқаратын мекемелердің ресми аккаунттарына желілердегі белсенділігін мен сыни материалдарға дер кезінде жауап беруі жұмыс көрсеткішіне қатысты рейтинг жасалды. Осы ретте, ауылдық округ әкімдіктерінің ішінде ресми парақшалары белсенді жұмыс жүргізіп жатқан Қарабұлақ, Ақсукент, Манкент ауылдар болса, ал белсенділігі төмен ауылдар Қарамұрт, Құтарыс, Көлкент, Қайнарбұлақ болып отыр.
Ал, дербес бөлімдердің ішінде ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің рейтингісі жоғары болса, жер қатынастар мен тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің көрсеткіші төмен жағдайда.
Жеке парақшалары арқылы белсенділік танытып жатқан Қарамұрт, Қайнарбұлақ, Қарасу ауыл округ әкімдері мен ішкі саясат және жұмыспен қамту бөлімінің басшылары болса, Facebook желісінде Көлкент, Ақсукент, Ақбұлақ ауыл әкімдері мен жер қатынастары және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылық бөлімі басшылары белсенділігі мүлдем төмен екендігі анықталды.
Бөлім басшысы БАҚ пен әлеуметтік желілерде шыққан материалдарға тиісті дербес бөлімдер мен ауыл округ әкімдері «Алтын сағат» ережесіне сәйкес (45 минут ішінде) дер кезінде жауап беріп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мәселенің алдын алу бағытында бірнеше ұсыныстарын жеткізді.
Бөліммен бағалау матрицасы негізінде талдау жүргізіліп, рейтингтің нәтижесі ай сайын аудан әкіміне тұрақты ұсынылатын болады.
Келесі мәселе бойынша аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мади Нурлыбаев жалпы жыл басынан бастап аудан әкімінің төрағалығымен 14 лездемелік мәжіліс және барлық ауыл 11 округінде тұрғындармен кездесулер өткізілді. Аталған лездемелік мәжілісте 118 тапсырмалар тиісті хаттамаға енгізіліп дербес бөлім басшылары мен ауыл округтеріне орындауға берілген. Сонымен қатар, аудан әкімінің ауыл округтеріне 70 рет аралауы ұйымдастырылып, 54 тапсырма хаттамаға енгізілді. Лездемелік мәжілісте берілген 118 хаттамалық тапсырмалардың орындалуына тоқталды. Талдауға сәйкес, жалпы 118 тапсырманың орындалғаны 75, тұрақты бақылауда 15, мерзімі бар тапсырмалар 7, орындалмаған тапсырмалар 21.
Жоғарыдағы тапсырмалардың орындалуы бойынша Құтарыс, Көлкент, Манкент ауыл округтерінде, сондай-ақ ауылшаруашылық, және ТҮКШ бөлімдерінде орындаушылық қабілеті өте төмен екенін тілге тиек етті. Басшының берген талдау қорытындысы соңында тапсырмалардың орындаушылық қабілеті төмен, хаттамалық тапсырмалардың мерзімінде орындамаған аудандық ТҮКШ, ауылшаруашылық және кәсіпкерлік бөлімі басшыларымен, Құтарыс, Көлкент, Манкент ауыл округтерінің әкімдеріне қатаң шара көруді ұсынды.
Мәжілісті қорытындылай келе, аудан әкімі салаларға қатысты көрсетілген кемшіліктермен нақты жұмыс жүргізуді тапсырып, жұмыс өз деңгейінде атқарылмаған жағдайда салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарынан бастап жауапты басшыларға дейін шара көрілетіндігін ескертті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...