БОЛАШАҚҚА ҮМІТ ЖАСТАРҒА СЕНІМ

БОЛАШАҚҚА ҮМІТ ЖАСТАРҒА СЕНІМ

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі М.Отаршиев «Болашаққа үміт- жастарға сенім» тақырыбында ауданның жалынды жастарымен ашық аспан астында еркін форматта кездесті. Олар, кәсіпке енді бет бұрғандар, спортшылар мен түрлі салада қызмет атқарып жүрген жастар.
Кездесу барысында бүгінгі күні еңбек нарығындағы қажетті мамандықтар және жастар өзін-өзі қай салаларда белсенді дамытуы керектігі туралы, медиа саласы және олардың қазіргі қоғамдағы рөлі туралы, кәсіпкердің қажетті дағдылары және жастарға қазіргі таңда білімнің аса қажеттілігі жайында сөз болды.
Аудан әкімі әдеттегідей әкімдіктегі, не болмаса мәдени ошақтарында өтетін кездесудегідей емес, жастардың жанашыры ретінде болашақта жасалынбау керек қателіктерді, өз жолдарында кездескен қиындықтар туралы айта отырып, мотивациялық сипатта өтті. Сондай-ақ, қоршаған ортаны дұрыс таңдау, уақытты дұрыс басқару, яғни болашақта сені жаңа біліммен және табысты өмір құру үшін креативті шешімдермен қамтамасыз ететін нәрсеге өз уақытыңызды инвестициялау қажетілігі де айтылды.
Кездесу барысында жастар аудан басшысына толғандырған сұрақтарын ашық қойып, көкейлерінде жүрген ой-ұсыныстарын ортаға салды. Аудан басшысы жастардың бастамаларын қашанда қолдайтынын жеткізіп, жиынға келген өскелең ұрпақа жаңа серпін берді. Кездесу соңында өнерлі жастар ән тарту етіп, жастардың рухын көтерді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...