"ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР" АТТЫ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

"ӨНЕРГЕ ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР" АТТЫ ЕСЕПТІК КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Қазығұрт аудандық мәдениет сарайында еліміздің мәдениеті мен би өнерін дамытуға үлес қосып, аудан, облыс көлемінде өткізілген іс-шараларға белсене қатысып, көптеген облыстық, республиклық байқаулардың жеңімпазы болған «Балауса» халықтық би ансамблінің және "Өнер" мектебінің эстрадалық әншілерінің "Өнерге қанат қаққандар" атты есептік концерті өтті. Мерекелік кеш халық биімен басталды. Көздің жауын алатын сәнді ұлттық нақыштағы костюмдер, әдемі би қимылы, әр элементке баса назар аударып, шеберлікпен орындау биді түрлендіріп, көрермендерін баурап алды. Бір-бірінен өткен әр би нөмірі кеш қонақтарының таңдайын қақтырып, ерекше әсер етті. Сонымен қатар, концерт барысында «Өнер» мектебіне қарасты Фарида Наурызбаеваның вокал класының шәкірттері Шалқар Шынар, Есімхан Жәңгірхан, Мұратұлы Асыл, Көлібай Нұрасыл, Ақберенқызы Інжу және Таубай Ақжібек кеште өз өнерлерін көрсетті.
Мәдениет саласын дамытуға, жас ұрпақты би және ән өнеріне тәрбиелеудегі еңбегі үшін «Балауса» халықтық би ансамблінің жетекшісі Уразова Гүлнара Әріпқызы мен Наурызбаева Фарида Айдарбекқызына аудан әкімі мен облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының Алғыс хаттары пен гүл шоқтары табысталды. Сонымен қатар аудандық әжелер алқасы, мектеп ұжымы, ата- аналар «Балауса» халықтық би ансамблі мен жас эстрада әншілеріне тамаша кешті ұйымдастырғаны үшін алғыстарын айтып, толағай табыс тіледі.
Концерттің соңында дәстүрлі гүл шоғын тапсыруға кезек берілді. Лық тола залды жинаған өнерпаздардың есептік концерті жақсы атмосферада, жоғары деңгейде өтті. Концертке жиналған қауым бишілердің шыңдалған шеберлігінің куәсі болды, ұлттық билер мен жалынды әуен-саз, әдемі өрнектелген ұлттық және заманауи костюмдер көпшіліктің көңілінен шықты. Көрермендер концерттен ен жақсы көңіл-күймен, оң эмоциямен қайтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...