ШЕКАРАШЫЛАР – ОТАННЫҢ БЕРІК ҚАЛҚАНЫ

ШЕКАРАШЫЛАР – ОТАННЫҢ БЕРІК ҚАЛҚАНЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекарашылар күні мерекесі қарсаңында мерекелік жиын өтті. Мерекелік жиынға аудан әкімі Мұхит Отаршиев арнайы қатысып, шекара шебіндегі сарбаздарды мерекелерімен құттықтады.
- Еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда Сіздердің қажымай-талмай шекара күзетіндегі сіңірген еңбектеріңіз ерліктің үлгісімен пара-пар. Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін. Шаңырақтарыңыздан шаттық үзілмей, бейбіт елімізде мәңгілік тыныштық болсын. Мерекелеріңіз құтты болсын, шекара шебінің сарбаздары!-деп аудан басшысы ізгі тілегін жеткізіп, «Алғыс хаттар» табыстады.
Сонымен қатар, жиын барысында Түркістан облысы ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Жумабеков және аудандық шекара басқармасының бастығы подполковник Т.Медетов құттықтау сөз алып, шекара шебіндегі сарбаздарды мерекелерімен құттықтап, шекара қызметіне айрықша үлес қосқан үздік сарбаздарды төс белгілермен марапаттады.
Аталмыш іс-шара аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының және шекара шебіндегі «Әншілер» тобының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, өнерпаздар жиналған көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Премьер-министр Олжас Бектенов «Металлург күні» кәсіби мерекесіне орай тау-кен металлургия саласының еңбеккерлеріне Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан мемлекеттік...

2025 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасыларға және наградталған аналарға берілетін мемлекеттік жәрдемақылармен орта есеппен 857,9 мың отбасы...

Премьер-министр Олжас Бектенов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді. Онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске...