КЕЛЕС: ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕЛЕС: ӘКІМДІК ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Келес ауданында жыл басынан бері 30 620 бас ірі қара мал және 127 572 бас уақ малдар сарып (бруцеллез) ауруына қарсы диагностикалық тексеруден өткізілді. Биылдан бастап уақ малдарды бүрку, тоғыту жұмыстары жүргізілмейді. Оның орнына Ивервет-Е препараты қолданысқа берілген. Ірі қара, түйе, жылқы малдарына Иньекциялау 82 500 доза берілген болса толығымен жоспар 100 пайызға орындалған. Қой ешкі иньекциялауға 302 000 доза беріліп, толық игерілді. Бұл бойынша Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаевтың төрағалығымен өткен әкімдік отырысында аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Аширбаев мәлімдеді.
Жиынға аудан әкімдігінің мүшелері, дербес бөлім басшылары және ауыл, ауылдық округтерің әкімдері қатысты. Жиын барысында негізінен күн тәртібіндегі кезек күттірмейтін мәселелер бойынша баяндама тыңдалды.
Атап айтсақ, жаңа оқу жылының басталуына дайындық барысы, ветеринария саласында атқарылған жұмыстар, аудан әкімдігінің мәжілістерінде қаралатын мәселелердің тізбесін бекіту және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша мәселелер талқыланды.
Жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев баяндамашыларға сұрақтар қойып, көтерілген мәселелерді дер кезінде шешуді тапсырды. Сондай-ақ, аудан басшысы тапсырылған өзекті жұмыстар орындалмаған жағдайда жауапты басшыларға шара көретінін айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...