БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ КӨКТЕРЕКТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨКЕЙДЕ ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ КӨКТЕРЕКТІК ТҰРҒЫНДАРДЫҢ КӨКЕЙДЕ ЖҮРГЕН СҰРАҚТАРЫНА ЖАУАП БЕРІП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков Көктерек ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстары мен өтініштерін тыңдады. Өзекті мәселелер бойынша тұрғындардың қойған сұрақтарына жауап берді. Алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелердің нәтижесінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков Кеңестөбе көшесіндегі апатты жағдайда тұрған электр бағаналарын зерделеп нәтижесін баяндауды, Кеңестөбе елді мекенінен өтетін КХ-1 Қошқарата-Жарықбас-Бірлік жол бойына жылдамдықты азайту белгісін орнатуға ұсыныс беру, Ынтымақ елді мекенінің ауыз суын ретке (насос ауыстыру) келтіру жұмыстарын жүргізу, жеке кәсіпкер «Ералиева Қалдықызға» мемлекеттен бөлінетін гранттар бойынша құжаттарын рәсімдеу жұмыстарын заң аясында түсіндіріп, нәтижесі баяндау жөнінде тиісті сала бойынша орынбасарлары мен бөлім басшыларына және ауылдық округі әкіміне мерзімін белгілеп нақты тапсырма жүктеді.
Кездесу барысында көктеректіктер округке көңіл бөліп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын жеткізіп, аудан әкіміне алғыстарын білдірді.
Жиынға аудандық мәслихат хатшысы А.Кенехан, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Жиыннан кейін Ержігіт Шәріпбеков жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың жеке мәселелерін тыңдап өтініштері бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырма берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...