Қостанай облысында орын алған табиғи апатқа байланысты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалы жанынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті ашылды. Онда жанашыр азаматтар тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмекті аталған өңірге жөнелту шаралары ұйымдастырылады. «Jastar ruhy» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының мүшелерінен волонтерлер тобы құрылып, жұмысын бастады.
Бүгін Түркістан қалалық мәслихат депутаты Ақиқат Абдуллаев алғашқылардың бірі болып өз көмегін қабылдау пунктіне жеткізді. Ол қостанайлықтармен осындай қиын сәтте бірге екенін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тілейтінін айтты. Сондай-ақ Мақтааралдағы су тасқыны, Арыстағы апат кезінде елдің әр түкпірінен оның ішінде Қостанай жұртшылығы да игі істен қапы қалмай қолдау білдіргенін атап өтті.
Қабылдау пунктінде жолға жарамды әрі қажетті азық-түлік өнімдері, гигиеналық заттар, киім-кешек, төсек бұйымдары жинақталады. Түркістандықтарды қайырымдылық шараға белсенді атсалысуға шақырамыз!
Қабылдау пунктінің мекен-жайы:
Түркістан қаласы, О.Мұсабеков көшесі №2А ғимаратында орналасқан COWORKING орталығы
Байланыс нөмір: +7 776 373 96 96