200-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

200-ДЕН АСА ТҰРҒЫННЫҢ МӘСЕЛЕСІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің ай сайынғы азаматтарды бірыңғай қабылдауы жүйелі түрде әр айдың алғашқы сәрсенбісінде өтуде, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Күні кеше әкім қабылдауына 200-ден астам қала тұрғыны келді.
Қабылдауда көтерілген негізгі мәселелер тұрғын үй, жер телімін заңдастыру, жұмысқа орналасу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты.
Мәселелерге заң шеңберінде, тиісті сала мамандарының талқылауымен, жан-жақты шешім жолдары қаралды. Хаттамаға енгізілгендердің кейбірі шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде.
Тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру секілді мәселелердің тек заң аясында және кезегімен шешілетіні тұрғындарға тағы да түсіндіріліп өтті.
Қабылдауға келген 200-ден астам тұрғынның 130-на жуығын қабылдаған шаһар басшысы, осындай жүзбе-жүз кездесулер ашықтық пен шынайылықты қамтамасыз етіп қана қоймай, өкілетті орган жұмыстарын халық көзімен бағалауға мүмкіндік беруде екенін атап өтті.
Қабылдауда қала әкімінің орынбасарлары, өңірлік департамент басшылары мен салалық басқарма басшылары да болды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда. Жақында ғана Шымкент қаласының әкімі Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен есепті кездесу өткізген болатын. Есепті кездесуге 350-ге жақын тұрғындармен қатар қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, азаматтық қоғам өкілдері, құқық қорғау органдары мен басқармалардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Шаһар басшысы жиын соңында тұрғындарды толғандырған өзекті сауалдарға жауап берді. Ал, Абай ауданының тұрғындарымен 18 елдімекенде 63 кездесу өткізген. 216 мәселе көтеріліп, бүгінде 86-сы шешілді, 97-сі орындалуда. 36 мәселе екі жылдық жоспарға енген.
Қала әкімінің бірыңғай жеке қабылдауында қоғамдық емес, жеке басқа қатысты мәселелер қаралатындықтан, мұнда БАҚ өкілдері шақырылмауда. Дегенмен, жеке мәселенің талқылану барысынан бөлек, жалпы фото және видео түсірілімін жасауға болатынын хабарлаймыз.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды ...