ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

ЗАҢСЫЗДЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымымен күрес бағыты бойынша жиналыс өткізілді.
Аталған жиналысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасарлары М.Исахов, А.Сәттібаев, уәкілетті басқарма басшылары, Шымкент мұнай зауытының өкілдері, автожағармай құю бекеттерінің өкілдері, «Атамекен» ҰКП, БАҚ өкілдері қатысты.
Жиналыста Шымкент қаласындағы проблемалық мәселелер, Қазақстан Республикасы Президентінің көлеңкелі экономикаға қарсы әрекет ету, оның ішінде жанар жағармайдың заңсыз шетелге шығару деректеріне жол бермеу мәселелері талқыланды.
Баяндамамен Департамент басшысының орынбасары Р.Данаев, басқарма басшысының м.а. Д.Тұрғынбай, қала әкімінің орынбасары А.Сәттібаев, «Жанар жағармай қауымдастығының» төрағасы Қ.Қамбаров, автожағармай құю бекеттерінің өкілдері сөз сөйледі.
Жиналыс қатысушылары проблемалық мәселелерді шешу бойынша тиісті ұсыныстарын, әлеуметтік наразылықтарға және жанар жағармайдың жетіспеушілігіне жол бермеу бойынша бірлесіп жұмыс атқаруды жеткізді.
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп, жергілікті полиция қызметіндегі жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілерінің жолын кесті.
Жалпы, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Департаментпен 76 қылмыс тіркелген, оның 90% — ы сыбайлас жемқорлық сипатында.
Өткен жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлықты анықтау екі еседен астам өскен, яғни 33 қылмыстан 71 сыбайлас жемқорлық фактісіне дейін.
Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында 30 факт, сонымен қатар, денсаулық сақтау саласында – 27, құрылыс – 6, мәдениет – 5, білім —3 және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында 1 қылмыс тіркелген.
Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық – 58 (пара алу – 21, беру – 33, делдалдық – 4), жымқыру – 11 және өкілеттігін теріс пайдалану (1) фактілері басым.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...