6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін.
Бұл туралы қала әкіміне есеп беру барысында жол көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Е.Жолдасов баяндады.
1-жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері.
Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады.
2022 жылдың жоспарына сәйкес, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысындағы айналма жолдың құрылысы атқарылуда. Одан өзге, биыл аудандағы ішкі орамдық 3 көшеге асфальт төселеді. Олар: Ақжайық шағын ауданы, Ақжирен көшесі, Самал-2 шағын ауданы, Жабай ата көшесі және Жандосов өткелі. 2023 жылы Айқап-Түркістан шағын ауданы, Беткей көшесі, Ақжайық шағын ауданы, Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 шағын ауданы, Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық ш/а Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 ш/а Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының айтуынша, бүгінде жөндеуге жоспарланған 308 көшенің 145 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшені аяқтап пайдалануға беру 2022 жылдың тамыз айының соңына жоспарланған.
Қала әкімі жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысы АЭС құрылысын жүргізуге қатысты жалпыхалықтық референдумды 6 қазанға белгілегеннен кейін, елдегі жетекші саяси партиялар мен...

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулар­ындағы басты мақсат – халықтың табысын арттырып, әділетті азаматтық қоғам құру. Биылғы Жолдаудағы 9...

Үкіметте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен жер комиссиясының жаңа форматтағы отырысы өтті, деп хабарлайды ...