58.1 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

58.1 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы осы жылға мемлекеттік сатып алу конкурсымен жеңімпаз аталған мекемелердің өз міндеттемелерін уақтылы және сапалы орындамағаны үшін 58,1 млн.теңге айыппұл салынды. Оның 37,7 млн.тг. (61,6%) өндірілді.
Жол құрылыс жұмыстары тапсырылған 24 мердігер мекеменің, кепілдік мерзімі бойынша кемшіліктердің мерзімінде жойылмағанына байланысты 6,5 млн тг. айыппұл салынды.
Ал атқарылып жатқан нысандар бойынша 87 мекемеге 51,5 млн.тг. айыппұл салынды. Оның ішінде 70 айыппұл мердігер мекемеге, 16 айыппұл техникалық бақылаушы мекемесіне, авторлық қадағалаушы мекемеге 1 айыппұл салынды. Айыппұл салынған мекемелер тарапынан 36,3 млн.тг. өндірілді. Төленбеген айыппұлдар бойынша сотқа талап арыздар жолдануда.
Сонымен, қатар басқарманың қызметкерлерінің хабарлауы бойынша А-2 автомобиль жолында қазір құрылыстың ІІ кезеңі жүруде. Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды. Жоба бойынша ені 30 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі таңға сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.
Сонымен қатар, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары мен Барыс базары маңында сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалуда.
А-2 жолының IV кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жолдың ұзындығы 1,86 шақырым. Жобаға сәйкес автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ және тротуар салу көзделген. Бүгінде құрылыстың 40% орындалып, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарда бар.
Қазіргі уақытта жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмысы жүруде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған. Сондай-ақ, жолдың бір жақ бөлігінің жер негізін жасау жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...