МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

МЕКТЕП ДАЙЫНДЫҒЫ ТЕКСЕРІЛДІ

Шымкентте «Жас-Дарын-3» мектебінің құрылысы жүргізілуде. Шаһар басшысы М.Әйтенов аталған мектептің құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
300 орынға лайықталған мектеп 3 қабаттан, 12 оқу бөлмесі, 8 кабинет, асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинеттен тұрады.
Абай ауданы Темірлан тасжолы көшесі,19/2 ғимаратта орналасқан.
Білім мекемесі оқу жылына 98% дайын. Қазіргі таңда "брусчатка" төсеу, қоршалуы мен абаттандыру жұмыстары жүруде.
2021-2022 оқу жылында №65 мектепте 3 268 оқушы білім алды. Сыйымдылығы 1251 оқушыға арналған ғимаратта 3 ауысымда сабақ жүргізілген. Жаңа ғимарат бой көтерсе, екі ауысымда мыңнан аса оқушы білімін жалғастыра алады.
Шымкент қаласында биыл бюджет есебінен 5 мектептің жанынан 300 орындық қосымша құрылыс жүргізілуде. Себебі бұл мектептер қазіргі таңда 3 ауысымды білім беруде. Нәтижесінде қалада үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейді. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қосымша ғимарат құрылысы жүргізіліп жатқан Нұрсәт ықшамауданындағы № 80 орта мектепке барды. Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы және межелі мерзімде тапсыруды міндеттеді. Жаңа ғимараттың «А» блогында кіреберіс және спортзал, 66 орындық асхана қарастырылған болса, «Б» блогында бастауыш сынып оқушыларына арналған 375 орын бар. Қосымша нысан құрылысы осы жылдың мамыр айында толығымен аяқталып, жаңа оқу жылында пайдалануға берілмек. Жобада 25 оқушыға лайықталған 24 сынып бөлмесі, ашық спорт алаңы, онда футбол мен жүгіруга арналған арнайы жол және есік алдына субұрқақ, қоқыс контейнерлеріне арналған орын қаралып отыр.
Қосымша ғимарат қажеттілігі жөнінде 2021 жылы сынама өткізіліп, оң қорытындысы шыққан. Қазір құрылысқа бөлінген жер көлемінің аумағы 0,92 га, құрылыс ауданы 1995,85 шаршы метрді құрайды.
Осы жылдың наурыз ауында басталған жұмыстар 2023 жылдың тамызында пайдалануға берілмек., деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...