ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ПӘТЕРДІҢ ЖАРТЫ СОМАСЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ

ЖАЛҒА АЛЫНҒАН ПӘТЕРДІҢ ЖАРТЫ СОМАСЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕЙДІ

2022 жылдың мамырында халықтың тұрмысы төмен топтары үшін пәтер жалдау төлемдерін субсидиялаудың жаңа тетігі іске қосылғаны баршаңызға мәлім. Бұл мемлекеттік қолдау пәтер жалдап тұратын отбасыларға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. Оны отбасы мемлекетке қайтармайды. Алайда мемлекет төлейтін қаржының ішіне коммуналдық төлем кірмейді. Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында «Отбасы банк» өкілдерімен кездесу өтті. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева және партияның фракция жетекшісі Б.Тулегенов қатысты.
Жалға алынған тұрғын үй бағасының 50%-і бюджет қаражаты есебінен төленеді, 50%-ін төлем алушы өз есебінен төлейді. «Отбасы банк» АҚ өкілі Нияз Төрехановтың мәліметінше, күні бүгінге дейін үшінші мегаполисте барлығы 4000 адамнан өтініш қабылданған. Оның ішінде 1800 өтініш мақұлданған.
Бағдарлама кімге арналған? Өтініш берушілер – Бірыңғай республикалық электронды базада тұрғын үй кезегінде төмендегі төрт санат бойынша тұрған азаматтар:
- 1 және 2 топтағы мүгедектер;
- мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа дейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;
- "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көп балалы отбасылар.
«Отау сити», «Медина», «Тенгри» тұрғын үй кешендерінің құрылыс алаңында болды. Бүгінде мұнда құрылыс монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Нұрсат және Қошқар ата аумағында орналасқан бұл тұрғын үйлердің алаңы 124 857 шаршы метрді құрайды. Пәтерлер 2022-2023 жылдары пайдалануға беріледі. Қала әкімі үйлердің заманауи дизайнда, тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы болуына аса мән берілуін атап өтті.
Айта кетейік, Шымкент қаласында тұрғын үйге сұраныс өте жоғары екендігін ескере отырып, биылғы жылы 2 972 пәтері бар 51 тұрғын үй салынуда және жылдың аяғына дейін қолданысқа беру жоспарланып отыр. Шымкент қаласының құрылыс басқармасына 2022 жылы бюджет есебінен жалпы құны 56,8 млрд. теңгені құрайтын 90 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде, 31 кредиттік тұрғын үй және 20 арендалық тұрғын үй салынуда.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...