АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

АСАР-2 ЕЛДІ МЕКЕНІ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Шымкенттегі Асар-2 елді мекенін сапалы ауыз су, электр қуаты және табиғи газбен қамту құрылысы 2021 жылы аяқталып, 2700-ден астам абоненттің мәселесі шешімін тапты. Алайда, шағынауданда инфрақұрылым жобаларына енбеген мыңға жуық тұрғын үй бар.
Жыл соңына дейін қалған аумақтарды ауыз сумен қамту құрылысының ІІ кезеңі аяқталады. Қазіргі уақытта ішкі орам жүйелеріне құбыр тартылуда.
Сондай-ақ, аталған елді мекенде табиғи газбен қамту жұмысы жүргізілуде. Қазіргі кезде құрылыстың 40%-ға жуығы аяқталды. Жоспар бойынша пайдалануға 2023 жылы берілмек.
Бұдан бөлек, Асар-2 елді мекенінде кәріз құрылысы қарқын алуда. Ішкі орамдық кәріз құбырының жалпы ұзындығы 39,6 шқ құрайды. Бүгінде оның 60%-дан астамы орнатылды. Нысан келесі жылы қолданысқа беріледі.
Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Асар-2 шағынауданында 11 мыңнан аса тұрғын тұрады. Бір мектеп және бір балабақша бар. Шағын ауданды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету күн тәртібіндегі басты мәселе.
Электр жарығы – 2 139 электр бағаналары орнатылды, 24 КТПГ сатып алынып нысан басына жеткізілді, 30 км электр желісі тартылды. Нәтижесінде 2700 үй электр жарығымен қамтылды. Егжей-тегжей жоспарлау жобасының өзгеруіне байланысты жобаға енбей қалған 1130 үй бойынша ЖСҚ жасалынуда. Мемлекеттік сараптамадан өткен соң, бюджетке ұсынылады. Құрылыс жұмыстары биыл басталса, келер жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Ауыз сумен және табиғи газбен қамту жұмыстары 2 кезеңге бөлінген. 1-кезекте ауыз су жүйесі 2700 үйге жүргізілген. 2-кезекте қамтылмаған мың үйге мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары биыл басталса, 2023 жылы толығымен аяқталмақ.
38 көшенің 3 көшесі асфальтталған, 35 көшеде тас жол, 6-уы топырақ жол. Биыл Күншоғыр және №1,2,3 атауы жоқ көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілмек. 2025 жылы іс-шара жоспарына сәйкес 100% орташа жөндеу жұмысын аяқтау жоспарлануда.
Өткен жылы Атакент және №8 көше жарықтандырылды. 2022 жылы - Нұржол және №4 көше; 2023 жылы - Күншоғыр және №1 көше; 2024 жылы - №2,3 көшелер; 2025 жылы - №5,6 көшелерге жарықшамдар қойылмақ.
Интернет желісімен 2023 жылы қамтылады. Осы жылы 1 спорт алаңшасының құрылысы басталып кетті. Бұдан бөлек кәсіпкерлер тарапынанда алаңшалар салынуда, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...