МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

МАЛ САТУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі №56 мекенжайында орналасқан «Басымбек ата Сайрам» мал базарының жұмысына зерделеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жиын өтті. Оған құзырлы басқармалардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда аптаның әр жұма күні бұл базарда мал ретсіз, қадағалаусыз сатылып жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық-санитарлық талаптарға қайшы және жердің нысаналық мақсатына сай емес пайдалануда.
Бұл өз кезегінде аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін. Бұл жағдайға жол бермеу мақсатында, базар басшылығына мал саудасына тыйым салу жөнінде түсіндірілді.
Шымкент қаласында 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 17,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3095 млн. теңгеге артты. Нақты көлем индексі 102,1 пайызды құрады.
Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 70 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,5 млн. АҚШ долларына артқан. Нақты көлем индексі 126 пайызды құрап отыр. Өткен жылдың осы кезеңінде 55,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі экспортталған болатын.
Шымкент қаласында биылғы жылы 29,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы мәлім етті.
Мамандардың айтуынша, дәнді дақыл 12,9 мың гектарға, майлы дақыл 3,8 мың га, мал азығы 8,9 мың га, көкөніс пен бақша 3 мың га, картоп 0,7 мың гектарға егілген екен.
Нәтижесінде 11,2 мың тонна дәнді дақыл, 0,8 мың тонна майлы дақыл, 33,2 мың тонна көкөніс, 3,1 мың тонна картоп, 12 мың тонна мал азықтық дақылдар яғни барлығы 60,3 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдары жиналды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...