ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

ГИД-ЭКСКУРСОВОДТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ

Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасына қарасты «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен гид-экскурсоводтар мен қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтуде. Іс-шараның басты мақсаты - туризм саласындағы мамандардың қызмет көрсету сапасын жақсарту және білімін жетілдіру.
Семинар тренингті бизнесті дамыту бойынша кеңесшілер, сату және брендті нарықта ілгерілету, топ позицияларында ұзақ жұмыс өтілі бар сертификатталған Түркия, БАӘ, Өзбекстан елінен келген шетелдік коуч мамандар мен жергілікті білікті практиктер жүргізуде. Аталған мамандар экскурсия жетекшілеріне саладағы жаңа әдістер, өзге елдер практикасы мен гидтердің негізгі қасиеттері туралы айтса, қонақ үй әкімшілеріне менеджмент, нақты нәтижелерге қол жеткізу секілді ақпараттар беруде.
«Шымкентке биыл 3 айда 97 501 турист келген. Бұл көрсеткіш өңірімізде туризм саласының қарқынды дамып жатқандығын айқындайды. Келген туристі алдымен күтіп алатын қонақ үй өкілдері мен олардың қаланы танып-білуде экскурсия жүргізушілерінің біліктілік дәрежесі аса маңызды. Бүгінде Шымкентте арнайы білім бар, сертификатталған 80-ге жуық гид-экскурсовод бар. Сала өкілдерінің білімдерін жетілдіру арқылы қаланың туристік әлеуетін көтере отырып, туристердің сапалы демалуына жағдай жасаймыз» - дейді «Visit Shymkent» туристік ақпарттық орталығының жетекшісі Ерлан Умаров.
Аталған семинар-тренинг 5 күнге созылмақ. Шара соңында қатысушыларға сертификат табысталады.
Жалпы, балалар туризмі - 7-15 жас аралығындағы балаларға арналған саяхаттар мен экскурсиялар, танымдық және рекреациялық балалар туры. Ол баланың жан-жақты өсіп жетілуіне, ақыл-парасат деңгейінің артуына, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзін көрсете алуына және тағы басқа да қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді. Бүгінгі күнде «Балалар туризм апталығы» экскурсиясына 150-ден астам бала тіркеуден өткен. Бағдарлама бойынша нысандар әр күнге бөлінген. Балалар өзі қалаған күнді, нысанды таңдай алады. Ол үшін «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының +7 701 102 17 17 нөміріне байланысып, ақпарат алуға және тіркелуге болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілетеме жасаған no-comment.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...