Sunday Airlines Египетке рейстерді қайта бастайды

Sunday Airlines Египетке рейстерді қайта бастайды

Туристік пакеттер Қазақстанның барлық туристік агенттіктерінде сатылады.

 14 қыркүйекте алғашқы рейстер ұшады. Авиакомпания аптасына екі рет «Нұр-Сұлтан – Шарм-Эль-Шейх» және «Алматы – Шарм-Эль-Шейх» бағыттары бойынша тікелей ұшуларды бастайды. Рейстерде Қазақстан қалаларымен ыңғайлы түйісу қарастырылған. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлайды.

2020 жылдың қазан айынан бастап «Шымкент – Шарм-Эль-Шейх» және «Қостанай – Шарм-Эль-Шейх» бағыттары бойынша тікелей рейстер қайта іске қосылады.

Туристік пакеттегі турлардың құны орташа есеппен өзгерген жоқ және өткен жылғы ұсыныстар деңгейінде қалды.

Жолаушылардың назарын келесі ақпаратқа аударғымыз келеді:

Египет Үкіметі Шарм-эль-Шейх және Хургада курорттарына тікелей чартерлік және тұрақты рейстермен келген туристер үшін ПТР тестерінен міндетті түрде өтпестен келуге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Шарм-эль-Шейхке немесе Хургадаға тікелей рейстермен келген және Египетте (басқа қалалар мен аймақтарға) жүргісі келетін туристер үшін қозғалыс басталғанға дейін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзада вирустың жоқтығын дәлелдейтін COVID-19-ға ПТР тестінің болуы міндетті. 

Үшінші елдер немесе қалалар (Каир мен Александрияны қоса алғанда) арқылы транзитпен өтетін жолаушылар үшін 72 сағаттан кешіктірмей жасалған ағзада вирустың жоқтығын дәлелдейтін COVID-19-ға ПТР-тестінің болуы міндетті.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Бүгінгі таңда елдің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станциялары тиімді және сенімді шешім болып...