Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

Елімізде жыл басынан бері мыңнан астам стихиялық қоқыс үйіндісі анықталды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігі ғарыштық мониторинг жүргізіп, нәтижесінде бірінші

жартыжылдықта стихиялық қоқыс үйілген 1114 орынды анықтады.

Ғарыш мониторингі министрлік қызметі бағыттарының бірі және ол

мемлекеттік органдардың талдау жасауына және өз саласы бойынша

міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар

және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 

Осы жұмыстың нәтижесінде жыл басталғалы 12 геосервис жұмысы

өзекті етілді, 3,5 мың бірлік немесе 1,5 млн. шаршы км. тұнықтығы

жоғары ғарыш түсірілімдері ұсынылды. Сондай-ақ, орташа

ажыратымдылықтағы суреттер бар, олардың саны 75 бірлік немесе 440

мың шаршы км. асады.

Ғарыш мониторингінің нәтижелері мемлекеттік органдардың өз

жұмысында қолдануы үшін мамандандырылған геосервистерге жүктеледі.

Бұдан басқа, деректерді интеграциялауды орындау үшін жергілікті

атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерімен салыстыру тұрақты

жүргізіледі.

Мысалы, ғарыштық мониторинг арқылы бүгінде жалпы ауданы 350

мың шаршы км-ден астам ауыл шаруашылығы алқаптарының пішіні

өзектендірілді, шамамен 19 млн. гектар дәнді дақылға арналған егістік

алаңы анықталды. Сондай-ақ, орман ағашын кесудің 1104 полигоны

қаншалықты заңға сай жұмыс істеп жатқаны талданды. Ғарыш суреттері

төтенше жағдайларды анықтауға да көмектеседі: 87 мыңнан астам

термальді нүкте белгілі болды және 1073 өрт оқиғасы тіркелді, өртенген

аумақтың ауданы 650 мың гектардан асады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов америкалық ірі технологиялық компаниялардың бірі EPAM Systems директорлар кеңесінің төрағасы, бас...