ӘЗІРБАЙЖАНДА “ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ” ӨТУДЕ

ӘЗІРБАЙЖАНДА “ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНДЕРІ” ӨТУДЕ

Бакуде бүгінде “Шымкент қаласының күндері” өтуде. Оны Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының ұйымдастырса, Қазақстанның Әзірбайжандағы Елшілігі қолдады.
Биыл Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Айтулы датаға орай Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде.
Осы мақсатта бір аптаға жоспарланған “Шымкент қаласының күндері” аясында Оңтүстік өңірдің қонақжайлылығын, гастрономиялық тағамдарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныту жоспарланған. Шымкент делегациясының құрамында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар бар.
Ерлан Қыдыров екі елдің тарихи-мәдени құндылықтарының ұқсастықтарын сөз етіп, өткен айда ұйымдастырылған Туристік ақпараттық орталықтардың I слетінде Әзірбайжан елі оң көзқарас танытып, белсенді қатысқанын айтып өтті.
Жалпы, келушілер тек қаланың туристік әлеуетін танып қана қоймай, “Сандық” ресторанының ұлттық тағамдарын, Майра Мұхамедқызының опералық әндерін және Бағжан Октябрьдің виолончельмен тартқан әуендерін тыңдап, “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығы ұсынған VR-көзілдірік арқылы виртуалды Шымкентке көз жүгіртті.
Іс-шара мақсаты — қаланың ерекше тұстарын көрсету арқылы Әзірбайжан тұрғындарын Шымкент қаласының туризмін дамытуға шақырып, жалпы туристер легін арттыру.
Айта кетейік, өткен жылы Шымкент қаласына келуші туристер саны – 316 832 адамды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша статистика 213 394 адамға жеткен болатын. Бұл пайыздық көрсеткіш — мегаполиске келген азаматтар санының 148,5 пайызға ұлғайғанын көрсетеді. Соның ішінде, Қазақстанның 300 мыңнан астам тұрғыны мен шетелдің 14 мыңнан астам азаматы Шымкент қаласына саяхаттау, іскерлік, кәсіптік, сондай-ақ жеке мақсатта сапарлатып келген.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры жемқорлардан тәркіленген қаражат есебінен толықтырылып келеді. Мектептерде...