Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Кеңес отырысына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы және кеңес мүшелерімен қатар бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асылбеков Нұрлыбек Абибұллаұлы, Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысының орынбасары Сауытов Тұрар, Әлеуметтiк медициналык сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының директоры Құралбек Сәбит Райымбекұлы және Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының бірінші басшылары қатысты.
Отырыстың күн тәртібіне сәйкес, AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасының орындалуы бойынша 2022 жылдың жартық жылдық есебі мен қаладағы жекеменшік білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік және емдік жәрдемақылардың төленуі туралы ақпаратты Шымкент қаласы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары баяндама жасады.
Сонымен қатар, Әлеуметтiк медициналык сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалының басшысы 2021 жыл мен 2022 жылдың 6 айына есебін берді. Сондай-ақ, отырыста білім беру мен әлеуметтiк медициналык сақтандыру салаларындағы күрделі мәселелер талқыланып, ортаға салынды.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында, мәслихат депутаты, фракция мүшесі Керимбаева Наргиза Абайдуллақызы қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға жазылған қала тұрғындары жеке-жеке сауалдарын қойып, көкейдегі мәселелерін алға тартып, біршама талап тiлектерiн жеткізді.
▫️Атап айтар болсақ, тұрғын үй, жұмыспен қамту, және түрлі әлеуметтік мәселелер. Өз кезегінде Шымкент қаласы мәслихатының депутаты әрбір өтініш пен шағымдарды жіті тыңдап, қабылдауға жазылған азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, әлеуметтік көмек көрсетіліп, мәселелердің басым бөлігі оң шешімін тапты.