ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бас ғимаратында Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде Жол картасында көрсетілген міндеттердің орындалу барысы пысықталды. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, фракция жетекшісі Б.Тулегенов, Атқарушы хатшының орынбасары М.Қалмұратов, аталмыш кеңес төрағасы Ж.Таңатарова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, ішкі істер департаментінің, денсаулық сақтау, ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармаларының өкілі қатысты.
Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысының орынбасары Е.Айтбаевтың есебі бойынша бірқатар мәліметтерге қанық болдық. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы алты айында үшінші шаһарда барлығы 17 481 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, жоспар 72,3 % орындалған. Ал, жарты жыл көлемінде балалар үйінен шыққан 9 түлектің 7-і аталмыш басқарма тарапынан тұрақты жұмысқа жолданған. Жеке кәсіп бастауға Шымкент бойынша 3426 адамнан өтініш түсіп, оның барлығы бүгінгі таңда бизнес бастауға арналған семинарда дәріс алуда.
Бұдан өзге күн тәртібіне сәйкес қалалық ішкі істер департаменті, қалалық денсаулқ сақтау басқармасы тарапынан Жол картасына сай атқарылған жұмыс есебі талқыланды. Жиын қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес мүшелеріне тиісті тапсырмалар жүктелді.
«AMANAT» партиясы жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ үшінші мегаполистегі кәсіпорындарды аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Нәтижесінде Жол картасында бекітілген тармақтардың орындалуы талқыланып, кемшіліктер бойынша тиісті жауапты басқарма мен мекемелердің басшыларына тапсырма берілді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес өңірдегі кәсіпкерлік саласына бөлінген несие немесе гранттың мақсатты жұмсалуын, яғни діттеген бағытта іске асырылуын қадағалайды. Индустриалды аймақта бірнеше мекеме шикізат жетіспеушілігінен жұмысы тоқтап тұр. "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева мәселе жыл соңына дейін партиялық бақылауда болатынын жеткізді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды ...