ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕЛЕРІНЕ БІРҚАТАР МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында партия жанындағы экономиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті мәжілісі өтті. Жиында Шымкент қаласы бойынша индустриалды аймақта жұмысы тұралаған кәсіпорындардың қайта іске қосылуы туралы кеңінен талқыланды.
«AMANAT» партиясы жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ үшінші мегаполистегі кәсіпорындарды аралап, бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысқан болатын. Нәтижесінде Жол картасында бекітілген тармақтардың орындалуы талқыланып, кемшіліктер бойынша тиісті жауапты басқарма мен мекемелердің басшыларына тапсырма берілді. Сонымен қатар, қоғамдық кеңес өңірдегі кәсіпкерлік саласына бөлінген несие немесе гранттың мақсатты жұмсалуын, яғни діттеген бағытта іске асырылуын қадағалайды. Индустриалды аймақта бірнеше мекеме шикізат жетіспеушілігінен жұмысы тоқтап тұр. "AMANAT" партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева мәселе жыл соңына дейін партиялық бақылауда болатынын жеткізді.
2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібінде Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2021 жылы және 2022 жылдың 6 айы бойынша есебі тыңдалды. Аталмыш басқарма басшысының орынбасары Мадияр Байымбетов есеп беріп, кеңеске қатысушылардың сұрағына жауап берді. Алдағы уақытта қоғамдық кеңес мүшелері тарапанынан қала аумағындағы жол және транспорт саласы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілетінін жеткізді, деп хабарлайды «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған no-comment.kz.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды ...