Бүгін елміздің барлық өңірінде «AMANAT» партиясының ұйымастыруымен дәстүрлі "Баланы мектепке даярлайық!" республикалық акциясы басталды. Аталмыш акция аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушыларына көмек көрсетуге және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен және мектеп формасымен қамтылады. Үшінші мегаполисте те бұл акция қарқынды өтетін болады.
«Менің алты балам бар, оның төртеуі мектепке барады. Барлығына кеңсе тауарларын сатып алу үшін көп ақша кететін еді. Сондықтан «AMANAT» партиясының көмегі оның ішінде депутат Керимбаева Наргиза ханым үлкен қолдау көрсетіп отыр. Ол кісі балаларыма кеңсе жабдықтарымен қатар, мектеп формасын да сыйлады. Еліміздің бас партиясы біз секілді көп балалы отбасыларды қиындықта жалғыз қалдырмай, балаларды мектепке жинауға көмектескені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. «AMANAT» партиясының «Баланы мектепке даярлайық!» акциясы жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Бізге ол үлкен көмек», - дейді алты баланы анасы Нұрсұлу Ағаділова.
Биыл Шымкент қаласында 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Шаһарда үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесін 2023 жылы, ал орын тапшылығын 2025 жылға дейін толығымен шешу жоспарланған. Қаламызда жекеменшік мектептердің үлесі артып келеді. Ағымдағы жылы қолданысқа берілетін 24 мектептің 20-сы жеке инвестор есебінен.
Нұрсат шағын ауданы, Нұр-Сұлтан даңғылында орналасқан 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі биыл пайдалануға беріледі. 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет қарастырылған. Қаратау ауданы, Бозарық шағын ауданындағы 240 орындық «Жас-Қанат» жекеменшік мектебі жоспарға сай 3 қабатты, 12 оқу бөлмесі, кітапхана, асхана, мәжіліс залы, спорт зал, мед кабинет те болады. Қаратау ауданы, Достық шағын ауданындағы 300 орындық «Жан-Нұр» жекеменшік мектебі де замануи үлгіде салынған білім ордасы білімгерлерді қабылдауға дайын.
- Жаңа оқу жылы қарсаңында еліміздің көшбасшы партиясы дәстүрлі түрде «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып келеді. «AMANAT» партиясының мүшесі ретінде бұл қайырымдылық акциясына қатысу мен үшін мәртебе. Көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларын қуанту, оларға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасын тарту еттім, - дейді қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі Наргиза Керимбаева. Келесі отбасы тоғыз бала тәрбиелеп отырған Заитова Ление жасы 30. Тоғыз перзентінің 4 мектепке барады. Қалған бес баласының тәрбиесімен Ление өзі айналысады. Оқу жылы қарсаңында балаларын мектепке даярлауға көмектескен "AMANAT" партиясы мен депутат Наргиза Керимбаеваға дән ризашылығын білдірді.