Бүгін «АMANAT» партиясы жанынан құрылған «TALQYLAU» пікірталас алаңында көшбасшы партияның саяси тұғырнамасын қайта жасақтау бойынша жиын өтті. Жетекші партияның төрағасы Е.Қошанов жаңа тұғырнама барынша ашық әрі қоғамның әрбір мүшесіне қолжетімді болуы керектігін ерекше атап өткен болатын. Міне осы мақсатта үшінші шаһарда партияның байырғы әрі белсенді мүшелері, қоғам қайраткерлерімен бас қосып, сол кісілердің пікіріне құлақ салдық.
М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, филисофия ғылымдарының кандидаты, доцент Сәкен Аралбайұлы бұл ретте өз ойын ашық білдірді. Оның айтуынша, әрбір құжат белгілі бір уақыт шеңберінде жаңарып отыруы тиіс. Заман талабына сай көшбасшы партияның да саяси құжаты, яғни тұғырнамасы да осы жаңаруды талап етеді. Тарихшының сөзінше, ең әуелі азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру керек. Яғни кез келген жергілікті жерде атқарылып жатқан жаңа бастамалардың басы-қасында қарапайым халық жүрсе атқарушы билікке деген қысым мен шағым да азайып, нақты нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Келелі кездесуде ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты С.Рысбаева, ақпараттық –коммуникациялық орталықтың бөлім басшысы, қоғам белсендісі В.Жаринов, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, партия ардагері И.Хашимжанов, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық» кафедрасының меңгерушісі, доктор PhD Е.Бекбосынов, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Б.Нарымбетова және экономика және кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрағасы М.Абдукаримов та өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстарын білдірді. Алдағы уақытта осы ұсыныстардың барлығы партияның орталық аппарат назарына ұсынылады.
ПАРТИЯНЫҢ САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
