«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» ЖАЛҒАСУДА

«БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАЙЫҚ!» ЖАЛҒАСУДА

Баланы мектепке даярлау әлі де жалғасуда. Бүгін Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция орынбасары Жадыра Таңатарова Сайрам тұрғыналабының бір отбасына қуаныш сыйлап, балаларға базарлық жасады. Артукходжаевтардың отбасында алты бала бар. Наргиза Артукходжаева алты перзентін жалғыз өсіріп отырған ана. Өзі ІІ-топ мүгедек санатында. Үлкен ұл-қызы демалыс кезінде қосымша жұмыс істеп, аналарына көмектеседі. Жадыра Нағашыбайқызы бұл отбасына тек «Баланы мектепке даярлайық!» акциясында ғана емес өзге мезгілде де ұдайы көмектесіп тұрады.
-Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы да басталады. Әр ата-ана балаларын мектепке даярлауда. Дәл осы тұста көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына «AMANAT» партиясы жыл сайын көмек қолын созып, осындай акция ұйымдастырады. Жетекші партияның мүшесі әрі өзімнің азаматтық позияциям ретінде көпбалалы отбасыларға көмектесуді әркез қолдаймын. Бастысы балаларға білім алуға жағдай жасау, олардың әлеуметтік проблемалардың салдарынан мектепке бармай қалуының алдын алуға атсалысу, - дейді халық қалаулысы.
Шара соңында көпбалалы ана Н.Артукходжаева «AMANAT» партиясына, депутат Жадыра Нағашыбайқызына алғыс білдірді. «Еліміздің көшбасшы партиясына рахмет айтқым келеді. Менің отбасым секілді жағдай қоғамда көп кездеседі. Қиын сәтте бізді жалғыз қалдырмай көмек қолын созып, балаларымды мектепке дайындауға көмектескені үшін өте ризамын. Барлық жасаған жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын өздеріңізге» деп ақ тілегін білдірді ана.
Жалпы биыл «Баланы мектепке даярлайық!» аякциясы аясында үшінші шаһарда барлығы 573 отбасына (1 124 бала) көмек көрсетілді. 25 370 000 теңгеге мектеп формасы, сөмке және оқуға қажет құрал-саймандар алынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

В южной столице подвели промежуточные итоги Года рабочих профессий, объявленного Президентом Казахстана. Подробности в интервью с руководителем...

Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы белсенді түрде жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаты – еліміздің...

Президент Грузияның Батуми қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу сайысында белгілі шахмат шеберлерін қапы қалдырған Меруерт Камалиденоваға...