М.ӘЙТЕНОВ "QAZ VAC" ЕКПЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ БӨЛІГІН САЛДЫРДЫ

М.ӘЙТЕНОВ "QAZ VAC" ЕКПЕСІНІҢ ТӨРТІНШІ БӨЛІГІН САЛДЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов коронавирус инфекциясына қарсы QAZ VAC екпесінің төртінші құрамдас бөлігін №3 қалалық емханасында салдырды.
Мұрат Әйтенов екпеден кейін 30 минут медициналық бақылауда болды. Қазір жағдайы жақсы.
Ревакцинация вируспен күресудің жалғыз тиімді жолы.
Айта өтсек, Шымкент қаласында соңғы 1 ай көлемінде 1944 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, оның ішінде 1215 адам аурудан айыққан. Соңғы тәулікте 18 адамнан қауіпті ауру белгілері анықталды. Бүгінде 32 адам стационарда, 697 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
Вакцинаның
1-ші компонентін - 619 672,
2 -ші компонентін - 608 458,
3 -ші компонентін - 361 151,
4 - компонентін – 21910 адам салдырған.
Тұрақсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қаладағы емханалар жанынан 75 мобиьлді бригада жасақталды. Бұл туралы бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
С.Дүйсенбаеваның айтуынша, емхана жанынан құралған мобильді бригада шақырту бойынша науқастарға үй жағдайында медициналық көмек көрсетеді. Қазірде 43 емханадан 76 мобильді бригада жасақталса, 137 мобильді бригада резервте тұр.
Ал эпидемиялогиялық жағдай өршіген тұста қаладағы инфекциялық стационарлар қайтадан жасақталып, медициналық көмек көрсетуге дайын.
Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркелді. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.
Өзіңіз және жақындарыңыздың амандығы үшін екпе қабылдаңыздар!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде, деп...