ШЫМКЕНТТЕ “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ” ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ӨТУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ “ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ КҮНІНЕ” ОРАЙ АҚПАРАТТЫҚ ТУР ӨТУДЕ

Бүгін Шымкент қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров баспасөз мәслихатын өткізді.

Ерлан Ермекұлы БАҚ өкілдеріне Халықаралық туризм күніне орай өтіп жатқан ақпараттық тур жайлы айтып, жергілікті туристік бизнес өкілдерін айтулы күнмен құттықтап өтті.

“Бүгін - Халықаралық туризм күні. Сол себепті, ақпараттық турымызды да осы күнге жоспарладық. Шет елдерден және Қазақстан қалаларынан жалпы саны 60-қа жуық қатысушы келген. Олардың қатарында туроператорлар, фотограф-видеографтар, travel-блогерлер мен журналистер бар. Біз бұл іс-шара арқылы Шымкентіміздің тарихын, мәдениеті мен туристік орындарын жан-жақты көрсетеміз. Қызығып, арнайы келіп жатқан туристерге алғыс білдіремін”, - деді Е. Қыдыров.

Айта кетерлігі, “Visit Shymkent” тарапынан ұйымдастырылған ақпараттық тур 3 күнге созылған. Шымкент пен қалаға жақын орналасқан туристік орындармен, мәдениеті және гастрономиясымен танысуға келген туроператорлар мен travel-блогерлер Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Ресей, Өзбекстан мен Түркиядан келген. Сонымен қатар, туристік-ақпараттық орталықтардың өкілдері де төбе көрсетуде.

Жалпы, тур аясында Цитадель, “Бәйдібек би” ескерткіші, А. Асқаров атындағы дендросаябақ, Зообақ, қолөнер орталықтары, “Бозжыра” ұлттық тағамдар рестораны және өзге де қаланың, қалаға жақын орналасқан туристік орындардың тарихымен танысу жоспарланған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ