Тұрақ мәселесінде делдал болмайды

Тұрақ мәселесінде делдал болмайды

Бүгін Алматы әкімінің кәсіпкерлермен кездесуінде базарларға іргелес жатқан қалалық автотұрақтар мәселесі қозғалды. Бизнесмендерді базарларда тұрақтар делдалдарға беріле ме және жеке меншік иелері бірыңғай оператордан несімен ерекшеленетіні қызықтырды.
Ерболат Досаевтың айтуынша, әкімдік «Alan Parking» ЖШС мен «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС активтерін коммуналдық меншікке алған. Қазір бұл 100% коммуналдық кәсіпорын. Бірыңғай оператордан түскен барлық кіріс жергілікті бюджетке түседі және ешқандай делдал болмайды.
«Ақылы тұрақтардан түсетін табыс қала тұрғындарының әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады. Жаңа құбырлар, инженерлік желілер, мектептер мен емханалар жергілікті бюджет есебінен салынады. Қала бюджеті үшін әрбір тиын есепке алынады», - деді қала әкімі.
Мемлекеттік кірістер департаментінің ақпаратынша, былтыр 56 базар қала бюджетіне 1,8 млрд теңге, ал биылғы жылдың 8 айында 2 млрд теңге төлеген. Қаладағы 56 базардың айналымы шаһардың 2 жылдық бюджетіне тең, бұл шамамен 2 трлн теңге.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...