Жыл соңына дейін 100 көшеге жарық тартылады

Жыл соңына дейін 100 көшеге жарық тартылады

Электр қуатының өшуіне желілердің тозуы және қуаттың жетіспеушілігі себеп. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Өткен кездесуде Шуақты, Қайрат, Нұршашқан, Әлмерек шағын ауданының тұрғындары жарықтың өше беретінін айтқан еді.
Осыған байланысты екі бағытта жұмыс жүргізілуде. Қазіргі таңда 4,2 шақырым электр желісі қайта жаңғыртылды. Жыл соңына дейін 11 шақырымға дейін жөнделеді, осылайша Шуақты, Нұршашқан шағын ауданындағы ескі электр желілері жаңғыртылады. 2023 жылдың І тоқсанында Әлмерек және Қайрат шағын ауданында да осындай жұмыстар басталады.
Электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қазір «Тұздыбастау» қосалқы станциясы салынып жатыр. 2023 жылдың II тоқсанында пайдалануға берілмек. Содан кейін шағын аудандарды электрмен тұрақты қамтамасыз ету мәселесі толық шешіледі.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін жарығы жоқ 100 көше мен тұйық көшелерге жарық шамдары орнатылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...