Ауданның көлік инфрақұрылымын жақсарту үшін ұзындығы 5,7 км Шығыс айналма автокөлік жолын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жыл басынан бастап ұзындығы 21,4 км болатын 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталып, тротуар салу қолға алынды.
Бүгінде 27 көшеде жұмыс аяқталды және Уәлиханов көшесі мен Горный тұйық көшесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, ол 15 қазанға дейін аяқталады.