- Қазіргі уақытта № 48 мектеп-лицейде күрделі жөндеу жүргізілуде, аяқталған соң 210 жаңа оқушы орны ашылады.
- № 131 мектеп-лицейінің аумағында сейсмикалық күшейтумен күрделі жөндеу жүргізілуде.
- 2023 жылдың II тоқсанында №131, №35 және №99 мектептерге 800 жаңа орынға арналған 3 қосымша құрылыс салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталады.
- Оқушы орындарының жетіспеушілігі мәселесі Думан шағын ауданында да шешіледі, онда 1200 орындық жаңа мектеп салынады. Құрылыс жұмыстарын 2023 жылдың II тоқсанына бастау жоспарланған.
Мектепке дейінгі мекемелерде орын тапшылығын азайту үшін биыл №114, №116 және №141 мемлекеттік балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңа 135 орын ашылады.
Сонымен қатар, 400 орындық 2 жекеменшік балабақша коммуналдық меншікке қайтарылды. 280 орындық Әйгерім балабақшасы жұмыс істеп тұр, Ақмарал балабақшасы биыл жыл соңына дейін ашылады.
Бұған қоса, биыл қосымша 457 орын болатын 10 жаңа жекеменшік балабақша ашылды. 2022 жылдың соңына дейін 250 орындық тағы бір жекеменшік балабақша ашу жоспарланып отыр.