Биыл жыл соңына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік музейінің және Оқушылар сарайының жанындағы скверлерді қайта жаңғырту аяқталады.
Биыл қыркүйек айында Алматы хайуанаттар бағындағы тазарту қондырғыларын пайдаланып, 4 тоғанды қайта жаңғырту және абаттандыру аяқталды. Сонымен қатар, қыркүйек айында Алатау ықшам ауданындағы «Журналистер» мен Ибрагимов көшесіндегі скверлерді қайта жаңғырту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын келесі жылдың көктемінде бастау жоспарланып отыр.
Есентай өзенінің жағасында Жамақаев көшесінен дамбаға дейін жаңартылған қоғамдық кеңістік пайда болды.
«Халықтың бюджетке қатысуы» бағдарламасы аясында ауданды абаттандыру жалғасуда. 800 млн теңгенің 19 жобасы іріктелінді, оның 18-і аяқталды. Биыл Медеу ауданының тұрғындары бағдарламаға 128 өтінім берді, 30 жобаны комиссия 2023 жылы іске асыру үшін алдын ала іріктеуден өткізді.
Қоғамдық кеңістіктерді жөндеу аясында жалпы сомасы 493 млн теңгеге 23 жобаның жұмыстары жүргізілуде, бұл 20 аула және Кіші Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру. Бұл жұмыстар қазан айының соңына дейін аяқталады.