Алматыға жарты жылда 150 мыңнан астам шетелдік турист келді

Алматыға жарты жылда 150 мыңнан астам шетелдік турист келді

Әкімдік Алматыны халықаралық туризм үшін тартымды орын ретінде дамытуды жүргізіп отыр. Бұл туралы Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Сабина Аманкелді туризм индустриясындағы үздіктерді марапаттау рәсімінде айтты.
Бұл үшін не істеліп жатыр:
-5 жыл ішінде қала 30 халықаралық көрмеде көрсетілді.
-2500 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
-45 Roadshow өткізілді.
-Сәуір айында KITF-2022 «Туризм және саяхат» көрмесі өткізілді.
-Әлемнің 22 елінен 200 компания қатысты.
-1200 келісімшартқа қол қойылды.
Не айтылып жатыр: Қазақстан туристік қауымдастығының директоры Рашида Шайкенованың айтуынша, пандемия мен өтпелі кезеңге қарамастан, туризм дамыды.
«2022 жылды туризмді қалпына келтіру жылы деп санаймыз. Кіру туризмі жұмыс істей бастады. Соңғы статистикаға сәйкес, қыркүйек айында қонақ үйлердің жүктемесі 135%-ға өсті. Бұл туризмнің барлық сегменті, қонақүйлер ғана емес, мейрамханалар, мұражайлар, ұлттық кәдесыйларды сату орталықтары да табыс табатынын айғақтайтын тамаша көрсеткіш», — деді туристік қауымдастық басшысы.
Фактілер: Алматыға жарты жылда 151,4 мың шетелдік турист келді. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,8 есе көп. Жыл соңына дейін Алматыға 300 мыңнан астам турист келеді деп жоспарланып отыр.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

15 мая, в День семьи, Шымкент подарил горожанам событие, которое может перерасти в добрую традицию. В живописном дендрарии им. Асанбая Аскарова...

Достық үйінде қаланы дамытуға арналған Бас жоспар жобасына түзетулер енгізу бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті. Қатысушылардың басты назарында...

В Карагандинском Доме дружбы состоялись общественные слушания по проекту корректировки Генерального плана развития города. Основное внимание...

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Түркістанда өтіп жатқан «Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи...