Еліміздің 8 өңірінде ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды

Еліміздің 8 өңірінде ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

15 тамыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына қойылған уақытша шектеулер алынды.

Еске салайық, жазғы кезеңде мұндай көліктердің қозғалысына шектеулер 1 маусым мен 15 тамыз аралығында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде енгізілген болатын. Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында ауыр жүк тасығыш көліктердің қозғалысына қойылған шектеулер 31 тамызға дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін  ауа температурасы 25 градустан жоғары болған жағдайда күшін сақтайды.

Жеке білігіне 8 тоннадан аса жүктеме түсіретін жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер жыл сайын енгізіледі. Бұл шектеулер халықаралық келісімдерге сәйкес жүктер мен жолаушыларды халықаралық тасымалдауды, төтенше жағдайлардың алдын алу және оны жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын, тез бүлінетін тауарларды, жолаушыларды, жүктерді, бөлуге келмейтін көлемді әрі ауыр жүктерді Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша тасымалдайтын көліктерге, сондай-ақ, жолдарда қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін мердігер ұйымдарға берілген көліктерге қатысты емес.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мемлекеттік қызметтерді дамыту және цифрландыру...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында мемлекеттік қызмет көрсету саласын дамыту мен...