Бостандық ауданында 65 көше ағымдағы жөндеуден өтті

Бостандық ауданында 65 көше ағымдағы жөндеуден өтті

Қала әкімдігі жол инфрақұрылымы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударады.
Жыл басынан бері аудандағы 65 көше ағымдағы жөндеуден өтті, ұзындығы 15,2 км 18 көшеге орташа жөндеу жүргізілді, оның ішінде тұрғындардың өтініші бойынша Талапты көшесі жөнделді. Рахмадиев көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы сынды 3 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай бағдаршам мен камера орнатылды:
- Жаяу жүргіншілер өткелі бар 18 бағдаршам;
- 1245 көппәтерлі үйде 7639 камера;
- 103 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (АБК), ал бұл 792 камера.
2023 жылдың 1 шілдесіне дейін тағы 96 «Сергек» (465 камера) орнатылады. Оның 78-і негізгі көшелерде, 18-і жол қиылыстарында болады.
«Южный» саябағында стационарлық модульдік полиция пункті орнатылды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ