Нұр-Сұлтанда спорт нысандарын салу, жөндеу және қайта құру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордада қандай спорт нысандарына жөндеудеу жмыстары жасалып және спорттық нысандардың құрылысы туралы Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі хабарлады.
Қалада «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша үш спорт нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, «Толқын» спорт кешені ағымдағы жөндеуден өтуде. Қазіргі уақытта кешеннің шатырын күрделі жөндеуден аяқталды. «Астана Арена» стадионында футбол алаңдары, киім ауыстыратын бөлмелер мен кіреберістер жаңаруда.
Сондай-ақ, «Қазақстан» спорт сарайында «Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» спорт сарайын ақылды технологияларды қолдана отырып модернизациялау және пайдалануға беру» жобасы жасалуда. Қазір жоба құжаттаманы бекіту кезеңінде.
Жалпы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елордада 15 мың жаңа жұмыс орны құрылды.
«Қазанат» ипподромы аумағында иппотерапия әдісін қолдана отырып, мүгедек балаларды оңалту үшін ат спорты орталығын салу жұмыстары жүргізілуде. Оның сыйымдылығы 250 адамға арналған. Нысанда 600 орын бар. Жоба жеке қаржылық бастама бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында жүзеге асырылуда.
IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығының талаптарына толық сәйкес, жабық үй-жайларда жеңіл атлетика бойынша халықаралық және республикалық жарыстарды өткізетін жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға беріледі. Бұл нысанның ашылуымен елордада спортшыларды халықаралық жарыстарға, соның ішінде әлем чемпионаттары мен жазғы Олимпиада ойындарына дайындауға арналған заманауи жоғары технологиялық база пайда болады.
Ильинка, Көктал-2, Өндіріс, Железнодорожный тұрғын алаптарында төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда бүгінде 30 ірі спорт нысаны жұмыс істейді, оның 18-і мемлекеттік, 12-сі жеке меншік.