Алматының шеткі ықшамаудандарындағы 177 көшеге жаңа жолдар салынады

Алматының шеткі ықшамаудандарындағы 177 көшеге жаңа жолдар салынады

Akimat LIVE бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын жасқарту жөнінде айтып берді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды.

Түрксіб ауданындағы «Қайрат» ықшамауданының тұрғыны нашар жолдар туралы шағымданған еді.

Ағымдағы жылы осы «Қайрат» ықшамауданындағы 51 көшеге сумен қамту және судан бөлу желілері тартылуда. 51 көшенің 26-сына асфальт бұрын төселген. 25 көше топырақты. 26 көшенің 7-уіне асфальт төселді, 19 көше бойынша жұмыстар жүруде. 25 топырақты көшелердің 10-ына инертті материалдар төселді, 15 бойынша жұмыстар жүруде, оның ішінде жаңа айтылған Сарыарқа көшесі де бар.

Аталған көшелерге жаңа жол салу келер жылға жоспарланған.

Жалпы қала бойынша ағымдағы жылы ұзындығы 47, 4 шақырым болатын 177 көшенің жолдары салынуда, оның ішінде ұзындығы 18,6 шақырым болатын 112 көшедегі жолдардың құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін ұзындығы 28,8 шақырым болатын қалған 65 көшедегі жолдардың құрылысын аяқтау жоспарланған.

Жаңа жолдар "Өжет", "Ұлжан-1", "Ұлжан-2", "Шаңырақ-2", "Әйгерім-1", "Әйгерім-2", "Дархан-Байбесік", "Трудовик" ("Томирис"), "Алғабас-АЗТМ", "Жас қанат", "Қарасу", "Көкқайнар, "Ақбұлақ", "Саялы-2" ықшамаудандарында пайда болады. Бұларда 122 мыңнан астам тұрғын бар.

2020 жылға ұзындығы 200 шақырым болатын 283 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі кезде ұзындығы 62,6 шақырым болатын 91 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қаланың 300 мың шаршы метр көше-жол желілеріне асфальт төсеу жоспарланған. Бүгінгі күні 151 мың шаршы метр аумақтың жұмысы аяқталды. Жоспарланған 30 шаршы тротуардың 19,2 шаршысы салынды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...