ТҮРКІСТАН САХНАСЫНДА ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН САХНАСЫНДА ЖАС ТАЛАНТТАРДЫҢ ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бүгін «Балалар жылына» орай Түркістан қаласындағы «Фараб» кітапханасының концерт залында облыстық балалар ән байқауы өтті.
Аталған байқау Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы «Бал таңдай» балалар өнер фестивалі аясында ұйымдастырылды.
Салтанатты шараны Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Темірхан Асылхан ашты.
"Ел іші – өнер кеніші» деп халқымыз текке айтпаған. Бүгінгі өнер байқауының мақсаты - өңірдегі шығармашыл, дарынды жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету. Сонымен қатар, эстрадалық ән өнерін дамытып, руханиятымызды көтеру. Осылайша қазақ композиторларының шығармаларын заманауи бағытта жаңғырта аламыз", - деді А.Темірханұлы.
Байқауға қатысушылар ереже бойынша отандық композиторлардың әндерін және еркін тақырыпта бір шығарма орындауы тиіс.
Шара соңында қазылар алқасының шешімімен Еңлік Байзақ (Қазығұрт ауданы) бас жүлде иегері атанса, Зере Жүнісбай (Отырар ауданы) жүлделі І орынды иемденді. Ал Асқар Күрешов (Түркістан қаласы) пен Айару Жумадуллаға (Жетісай ауданы) жүлделі ІІ орын бұйырды. Айша Уәлихан (Сарыағаш ауданы), Нұрдәулет Сенбекұлы (Бәйдібек ауданы) және Жасмин Мырзақұлқызы (Түркістан қаласы) жүлделі ІІІ орынға ие болды. «Ең жас әнші» жүлдесімен Рахым Мейірхан (Төлеби ауданы) марапатталса, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының арнайы жүлдесі Бекзат Шалхарбайға (Төлеби ауданы) бұйырды.
Барлық қатысушылар арнайы Алғыс хатпен марапатталып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп...

Салтанатты кілт тапсыру рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қуаныш иелерін құттықтады. Жаңа баспанаға қол жеткізген отбасылар шашу шашып, тұрғын...