Оралда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік негізі» атты жиын өтті

Оралда «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық бірегейлік негізі» атты жиын өтті

Орал қаласында мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі мен маңызына арналған жиын өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға облыс әкімдігінің қызметкерлері, Ұлттық құрылтай мүшелері, Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ЖОО мен мектеп оқытушылары, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.

Жиын барысында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, оған қатысты құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтап, тиісті шаралар қабылдау, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен ұлттық стандарттардың сақталуы, сондай-ақ Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу мәселелері талқыланды.

Спикерлер орталықтың атқарып жатқан жұмыстары жайында сөз қозғап, мемлекеттік рәміздер тарихы мен заңнамаға сәйкес мемлекеттік рәміздерге қатысты жауапкершілік түрлерін кеңінен түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді ұлттық құндылық тұрғысынан насихаттаудың мәні мен маңызына тоқталды. 

Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Мемлекет басшысының тікелей бақылауында. «Креативті индустрия...

Премьер-министр Олжас Бектенов химия және металлургия салаларында жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға бағытталған ірі өнеркәсіп...