COVID-19: Алматыда қалалық ауруханадан соңғы науқас шығарылды

COVID-19: Алматыда қалалық ауруханадан соңғы науқас шығарылды

COVID-19 вирусымен ауырған соңғы науқас емделіп, №4 қалалық клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінен шығарылды. Мұнда COVID-19 вирусы және пневмония диагнозы қойылған бірде-бір науқас қалмады, деп хабарлайды  Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Бүгін «төрттік» стационарынан COVID-19 вирусынан айыққан соңғы науқас Жұмаділ Әкімбеков шығарылды.

«Ауа жетіспеушілігі, құрғақ жөтел, әлсіздік және ентігу болды. Бір апта бойы температура 39,8°C-қа дейін көтеріліп, кеуде тұсымда қатты ауырсындым. Мен ауруханаға өздігімнен қабылдау бөлмесіне келіп, тексеріліп, КТ жасап, дереу ауруханаға жатқызылдым. Маған екіжақты полисегменттік пневмония диагнозы қойылды. Мұнда маған бала сияқты қамқорлық танытып, инъекциялар мен аспа уколдарды өте мұқият қойды, дәрігерлер мен медбикелер әрдайым жанымда болды. Екі аптадан кейін қайтадан иіс сезе бастадым. Бүгін ауруханадан шығамын және ешкім коронавируспен ауырмаса екен деп тілеймін», - дейді Жұмаділ Әкімбеков.

Науқас екі апталық үй карантиніне жіберілді, ал №4 ҚКА жұқпалы аурулар бөлімшесіне дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Манжерок қаласында (Алтай Республикасы) өткен бірінші Халықаралық экологиялық конференцияда Каспий...

Инвестициялық жобалар – жаңа жұмыс орындарын ашудың негізгі көзі әрі халықты жұмыспен қамтудың драйвері. Мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін...