Нұр-Сұлтан тұрғын алаптарында бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда

Нұр-Сұлтан тұрғын алаптарында бірқатар әлеуметтік нысандар салынуда

Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елді-мекенде жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің «Инстаграм» парақшасында жазды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

«Бүгін кешкілік аралау барысында Өндіріс (Лесозавод) елді-мекенінде бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс барысымен таныстым. Азаматтарды қабылдау, есеп беру кездесулерінде елді-мекен тұрғындары балалардың спортпен шұғылдануына арналған демалыс орталықтарын ашуды сұрады.

Мәселен, Өндіріс, Железнодорожный, Көктал-2 елді-мекендерінде үш ірі дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталды. Бұл ғимараттарда спортпен шұғылдануға арналған секциялардан басқа ХҚКО, пошта бөлімшесі, полиция пункті, аға буын өкілдерінің қызығушылықтары бойынша клубтар және т.б. орналасады. Келесі жылы Үркер (Ильинка) елді-мекенінде дәл осындай ғимарат салынады.

Президенттің тапсырмасына сәйкес Өндіріс елді-мекенінде жұмыс істеп тұрған №23 мектеп аумағында мектептің жаңа корпусының құрылысы басталды. Бұл мектепке артылған шамадан тыс жүктемеден арылуға, оқу жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

№49 оқу орнына күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. "Кезекші топта" бастауыш сынып оқушыларына сабақ беретін мұғалімдерге санитария нормаларын қатаң
сақтау бойынша кеңес берілді.

Қала тұрғындары үшін жағдай жасау жұмыстары барлық 16 елді-мекенде жүргізіліп жатыр: су мен кәріз жүргізуден бастап, әлеуметтік жобалар құрылысына және аумақтарды кешенді абаттандыруға дейін», – деп жазды Алтай Көлгінов.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Алдағы 5 жылда Шымкентте 600 мың ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Биыл 200 мыңға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде.  Қала...